jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қашан қайта басталады

    Көліктер
    Көліктер. Көрнекі фото: Рixabay.com

    Келесі жылдан бастап қазақстандықтар үшін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы іске қосылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазақстанның даму банкі" АҚ және "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ сілтеме жасап.

    Револьверлік механизм негізінде жеңілдетілген несиелерді беру 2023 жылғы қаңтардың екінші жартысында басталады. Яғни, өтінімдерді қабылдаудың нақты күні БАҚ-та, ҚДБ мен ӨДҚ сайттарында жарияланады.

    Қазір бағдарламаларға қатысушы банктер қолданыстағы несиелерді өтеу есебінен төлемдерді жинақтауда.

    "Азаматтарға ыңғайлы болу, тең жағдайды қамтамасыз ету және халықты көбірек қамту үшін қолданыстағы екі бағдарламаның оңтайлы нұсқалары қолданылады. Сонымен қатар, бұл қаражат ағынын біріктіруге, қазақстандықтарға бірыңғай және ашық ережелер бойынша отандық өндірістегі жаңа автомобильдерді сатып алуға көбірек қаражат ұсынуға мүмкіндік береді.

    Сондай-ақ болашақта орталықтандырылған бақылауды қамтамасыз ету үшін Қазақстанның Даму Банкінің алдында бағдарлама бойынша қаражаттың бір операторын ғана қалдыру жоспарлануда", – деп хабарлаған ҚДБ және ӨДҚ өкілдері талап барлық қолданыстағы бағдарламалар үшін бірдей болатынын айтты.

    Іске қосу күні екі бағдарлама бойынша жинақталған қаражат көлемі шамамен 13 миллиард теңгені құрайды деп күтілуде, бұл кемінде 1300 жаңа автонесие беруге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта револьверлік әдіспен жинақталған қаражатты ай сайын бөлу жоспарлануда.

    Револьверлік әдіс жаңа автонесиелердің қазақстандықтардың бұрын берген несиелерін өтеу есебінен берілетінін білдіреді. Содан кейін несиелердің белгіленген саны берілгеннен кейін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайтадан "үзіліс" жасап, бір айдан кейін, несие бойынша кезекті төлемдер түскен кезде ғана қайта басталады.

    Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қашан қайта басталады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.