jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстандықтар енді банктің мобильдік қосымшасы арқылы неке қиюға өтініш бере алады

    неке қию
    Неке қию рәсімінде қол қойып тұрған қалыңдық. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қазақстандықтар енді банктің мобильдік қосымшасы арқылы неке қиюға өтініш бере алады. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

    Ведомство өкілінің хабарлауынша, Әділет министрлігі Digital Justice жобалар портфелі шеңберінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, мемлекеттік қызметтердің смартфондар арқылы қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізуде.

    Соның нәтижесінде Әділет министрлігі Halyk Bank-пен бірлесіп, Halyk Homebank мобильдік қосымшасы арқылы неке қиюды тіркеуге өтініш беру бойынша сервисін іске қосқан.

    Талғат Уәлидің мәліметінше, Halyk Homebank мобильдік қосымшасы арқылы қызметті алу үшін өтінім беруші "Мемқызметтер" бөлімінде өтінішті толтырып, мемлекеттік баж (1 АЕК – 3 450 теңге) төлеуі керек. Содан соң екінші қызмет алушы 48 сағат ішінде өтінімді растауы қажет.

    15 күнтізбелік күн өткеннен кейін АХАТ органдары жас жұбайлардың қатысуымен неке қиюды тіркейді.

    Айта кетейік, бұл мерзім бұрын 1 айды құраған.

    Қазақстандықтар енді банктің мобильдік қосымшасы арқылы неке қиюға өтініш бере алады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.