jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Алғашқы тәулікте банкроттыққа қанша қазақстандық өтініш бергені белгілі болды

    Ақшасын санап отырған ер адамның e-gov порталына кіру сәті
    e-gov порталын қолданып отырған ер адам. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    3 наурыз күні Қазақстанда банкроттық туралы өтініштер қабылдау басталды. Бірінші тәулікте 1 469 азамат өтініш бергені туралы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында хабарланды.

    Ведомство дерегінше, 3 наурыз сағат 16:00-ге дейін мемлекеттік кірістер комитетіне соттан тыс банкроттыққа қабылдау туралы 1469 өтініш келіп түскен. Ал азаматтардан eGov арқылы 1399 өтініш, e-Salyq Azamat арқылы 70 өтініш берілген.

    Ең алғашқы өтініш электрондық үкімет порталы арқылы Жамбыл облысынан сағат 09:05-те келіп түскен.

    Мемлекеттік кірістер комитеті банкроттыққа өтінішті өтініш берушінің өзі ғана қалдыра алатынын ескертеді.

    Еске сала кетейік, 3 наурызда күшіне енген "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Заңға сәйкес, борышкерлер банкроттыққа өтініш бере алатыны хабарланды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.