jitsu gif
Қаржы

    Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады

    Мемлекет басшысы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
    Президенттің қабылдауы. Фото: Т.me/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    Ғалымжан Пірматов президентке Ұлттық банктің биылғы бірінші жартыжылдықта жүзеге асырған ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындылары жөнінде есеп берді.

    Сонымен қатар мемлекет басшысына әлемдегі және Қазақстандағы экономикалық ахуал, инфляция факторлары мен оны төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар, төлем балансының динамикасы, сондай-ақ БЖЗҚ, Ұлттық қор активтері мен алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы баяндады.

    Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, Ұлттық банк қабылдаған шаралардың нәтижесінде инфляция бәсеңдеп келеді және банк болжамына сай қалыптасып отыр.

    Сонымен қатар президентке Ашық банкинг тұжырымдамасын қолданысқа енгізу және төлем нарығын реттеу мәселелері жөнінде мәлімет берілді.

    Кездесу соңында мемлекет басшысы ақша-кредит саясатын тиімді іске асыруға бағытталған міндеттер жүктеді.

    Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.