jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Қазақстандағы екі қор биржасын бір жерден басқару мәселесін қарастыруды ұсынды

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан
    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкке 2024 жылы Ұлттық төлем жүйесін толық енгізу жұмысын аяқтауды тапсырды. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Мемлекет басшысы капиталды қайтару туралы заң аясында құрылып жатқан қор "ұзақ мерзімге арналған қаражаттың" тағы бір көзі бола алатынын атап өтті.

    "Түскен қаржының бәрі елдік мәселелерді шешу үшін барынша тиімді және ашық жұмсалуға тиіс. Тағы бір маңызды мәселе – қор нарығын дамыту. Қазір Қазақстанда екі қор биржасы бар. Олар жұмыс барысында көбіне бірін-бірі қайталайды, тіпті өзара бәсекеге түсіп жатады. Еліміздің қаржы жүйесі үшін бұл тым артық", - деді президент.

    Президенттің сөзінше, ішкі нарықтың көлемін және тартымдылығын арттыру үшін осы биржалардың әлеуетін біріктіріп, бір жерден басқару мәселесін қарастыру қажет.

    "Төлем жүйелерінің тұрақтылығын сақтау да өте өзекті мәселенің бірі болып отыр. Былтыр Ұлттық банк ұлттық төлем жүйесінің бірінші бөлігі – жылдам төлемдер жүйесін іске қосты. Қазіргі таңда бұл жүйе пилоттық режимде жұмыс істеп жатыр. Ұлттық банкке 2024 жылы Ұлттық төлем жүйесін толық енгізу жұмысын аяқтауды тапсырамын", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Тоқаев Қазақстандағы екі қор биржасын бір жерден басқару мәселесін қарастыруды ұсынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.