jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Маңғыстау облысында жастарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады (видео)

    кілт
    Кілт. Көрнекі фото: pixabay.com

    "Отбасы банкі" және Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы жастарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосу туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы "Отбасы банкі" Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

    Банктің мәліметіне сүйенсек, "Маңғыстау жастары" деп аталатын жеңілдетілген несие беру бағдарламасына 35 жасқа дейінгі өңір тұрғындары қатыса алады.

    Қатысушыларға қойылатын талаптар:

    • өтінім беру сәтінде қатысушының жасы 35 жастан аспауы;
    • қатысушының және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда жеке тұрғын үйі болмауы;
    • соңғы 2 жыл ішінде Маңғыстау облысында тұрақты тіркеуде болуы;
    • соңғы 6 айда бір адамға шаққандағы табысы 150 098 теңгеден аспауы керек.

    Банк өкілдері бағдарламаға қатысушы тұрғын үйді тіркелген мекенжайы бойынша сатып алатынын, бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алатынын еске салды.

    Бағдарлама бойынша үй алу үшін бастапқы жарна – 10 пайыз, несие мөлшерлемесі жылдық – 5 пайыз.

    Маңғыстау облысында жастарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.