jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    "Отбасы банк" екінші деңгейлі банк болып қала береді

    Иллюстративное фото
    Фото: pixabay

    "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыратын екінші деңгейлі банк болып қала береді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі банктің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

    Банктегілер бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданын еске салды.

    "Заң қабылданса, кезекте тұрғандардың тізімдері екінші деңгейлі банк функцияларын сақтай отыра, Даму институтына айналатын Отбасы банк ішінен құрылатын "Баспанамен қамтамасыз ету" орталығына тапсырылады. Банктің функциялары кеңейеді. Отбасы банк тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыратын екінші деңгейлі банк болып қала береді. Қазақстандықтар бұрынғыдай еліміздегі ең қолжетімді кредит алу үшін депозитте ақша жинап, жинақтарына түсетін банк сыйақысы мен мемлекеттік сыйлықақыны алуын жалғастырады", – делінген хабарламада.

    Отбасы банк, сондай-ақ, қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының қатысушысы болып қала береді. Бұл клиенттердің барлық депозиті мемлекеттің сенімді қорғауында екенін білдіреді.

    Бұған дейін "Отбасы банк" базасында тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылатынын хабарлаған едік.

    "Отбасы банк" екінші деңгейлі банк болып қала береді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.