Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отбасы банк" базасында тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады: ол немен айналысады

Опубликовано:

Үйдің макеті және кілт
Үйдің макеті. Көрнекі фото: pixabay.com

"Отбасы банк" базасында тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады. Бұл туралы бүгін тұрғын үй саясатын реформалау жөніндегі заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының мәжілістегі бірінші оқылымында айтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың айтуынша, "Отбасы банк" базасындағы тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығының есебіне алдағы уақытта қандай да бір санатқа жататынына қарамастан тұрғын үйге мұқтаж барлық азамат тұра алады.

"Әр өтінім бойынша кірістерді, мүлік пен активтерді анықтайтын отбасының цифрлық портреті жасалады. Бұл азаматтың отбасылық жағдайын, барлық сипаттамасын анықтауға мүмкіндік береді. Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы мемлекет дерекқорларымен интеграцияланған бірыңғай ақпараттық база", - деді министр баяндамасында.

Заң жобасы аясында құрылатын орталық бір терезе қағидатын пайдалануға мүмкіндік береді. Демек орталық азаматтарға тұрғын үйге мұқтаж екенін растау үшін, кезекке тұру үшін, одан кейін ипотека алу үшін банкке бару сияқты бірнеше инстанцияларға жүгіну қажеттілігін жояды.

"Бұған қоса ұсынылып отырған жаңа модельге сәйкес, тұрғын үйді бөлу азаматтардың есепке тұрған күніне және табыс деңгейіне байланысты жүзеге асырылады. Осылайша тұрғын үйге есепке тұрған күніне байланысты бөлу барлық мұқтаж азаматты әділ түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар табыс деңгейіне байланысты азаматтардың пәтер жалдау ақысын субсидиялау, арендалық тұрғын үй немесе жеңілдетілген ипотека түрінде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі", – деп түсіндірді Қанат Шарлапаев орталықтың атқарар қызметін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047077-otbasy-bank-bazasynda-turgyn-uimen-qamtamasyz-etu-ortalygy-qurylady-ol-nemen-ainalysady/

pixel