jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    140 млрд теңге бөлінбек: елімізде көктемгі егін егу жұмыстарын қаржыландыруға өтінім қабылдау басталды

    Трактор
    Трактор. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қазақстанда "Кең дала" бағдарламасы аясында көктемгі егін егу әрі күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен агроөнеркәсіп кешен субъектілерін қаржыландыруға өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Аграрлық несие корпорациясы Facebook парақшасында.

    Аграрлық несие корпорациясының баспасөз қызметі ақпараты бойынша, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның еншілес компаниясы Аграрлық несие корпорациясы "Кең дала" бағдарламасы аясында көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен агроөнеркәсіп кешен субъектілерін қаржыландыруға өтінім қабылдау басталды.

    Осы орайда 2024 жылы 140 миллиард теңге қаржы бөлу жоспарланып жатыр.

    "Кең дала" бағдарламасы бойынша берілетін несиенің мерзімі – келесі жылдың 1 наурызына дейінгі аралықты қамтиды. Шаруалар қаржы ұйымдарынан жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5 пайызды (ЖТСМ 5 пайыздан) құрайтын несие рәсімдей алады.

    "Шаруа қожалықтарының иелері өтінім беру үшін қажетті құжаттарды жинап, Қазақстан Халық банкінің, Банк Центр Кредиттің, несие серіктестіктерінің, микроқаржы ұйымдарының кеңселеріне баруға тиіс. Анықтама телефоны 5353", – делінген Аграрлық несие корпорациясы Facebook парақшасындағы хабарламасында.

    140 млрд теңге бөлінбек: елімізде көктемгі егін егу жұмыстарын қаржыландыруға өтінім қабылдау басталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.