jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "9-20-25" бағдарламасы қашанға дейін созылады: ұлттық экономика министрі жауап берді

    Тұрғын үй құрылысы және ақша ұстап тұрған ер адам
    Тұрғын үй құрылысы және ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров "9-20-25" бағдарламасы бойынша өтініш бергендерге жауап қашан шығатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    ҰЭМ басшысы жаңа тұрғын үй бағдарламасы 1 наурызда басталғанын еске салды.

    "Бірінші күні-ақ бірнеше мың өтініш түсті, жұмыс қарқынды жүргізілуде. "Отбасы банк" жұмыс істеп жатыр. Мамыр айында алғашқы жауабы шығады деп ойлаймыз және бағдарламаны іске асыру сол кезде басталады", - деді ол.

    Бұл ретте министр бағдарлама бір жылға ғана арналмағанын айтты.

    "Бәйтерек" холдингі осы бағдарламаны одан әрі қолдауды жоспарлап отыр. Мен бұл салаға әлі де инвестиция тартуға болады деп ойлаймын.

    "Бәйтерек" холдингі арқылы біз осы мәселемен айналысамыз (бағдарламаны қаржыландыруды ұлғайту туралы – ред)", - деп түйіндеді сөзін министр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.