jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Jusan Bank мемлекеттік қолдаудың 100 миллиард теңгесін мерзімінен бұрын қайтарды

    Jusan Bank
    Фото: Jusan Bank

    Биылғы 9 сәуірде First Heartland Jusan Bank АҚ (Jusan Bank) "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-нан мерзімінен бұрын 100 млрд теңгенің субординацияланған облигацияларының шығарылымын сатып алды.

    Осылайша, банк бұрын алған мемлекет көмегін ерікті түрде мерзімінен бұрын қайтарды.

    "2023 жылдың ортасында Jusan Bank Қазақстан юрисдикциясына қайтарылғаннан бері банк бизнес-процестерді жақсарту, шығындарды оңтайландыру, бизнестің тиімділігі мен кірістілігін арттыру бойынша үлкен жұмыс атқарды. Осы жұмыстардың тұтас кешені қаржылық тұрақты және әлеуметтік жауапты қазақстандық мекеме, мемлекеттің сенімді серіктесі ретінде банкке мемлекет көмегінің бір бөлігін мерзімінен бұрын қайтаруға мүмкіндік берді", - деді Jusan Bank Директорлар кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.