jitsu gif branding logo appbranding logo app

    25 жасқа толмаған қазақстандықтарға құмар ойындарға қатысуға тыйым салынуы мүмкін

    құмар ойын
    Құмар ойын. Көрнекі фото: pixabay.com

    Бүгін, 22 сәуірде мәжілістің жалпы отырысында ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары бірінші оқылымда мақұлданды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Мәжіліс ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістерді Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін ілеспе түзетулерімен бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобалары Мемлекет басшысының құмар ойындарға тәуелділікке қарсы күресті күшейту туралы тапсырмасы аясында әзірленді. Оған депутаттар бастамашы болды.

    Заң жобасы бойынша жеке тұлғалардың құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу жасы 21-ден 25 жасқа көтеріледі. Сонымен қатар алимент және несие берешегі өтелмеген азаматтардың, яғни борышкерлердің бірыңғай реестрінде тұрған тұлғалардың құмар ойын ойнауына тыйым салынады.

    Аталған санаттарға заңсыз ойын ойнауға мүмкіндік берген заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл жағдайда орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 300 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

    Сондай-ақ ойын бизнесін ұйымдастырушылар құмар ойындар мен бәс тігудің тәуекелдері мен зияны туралы хабарлауға міндеттеледі. Мұндай ақпарат ойын мекемелерінде, ғимараттарда, билет кассаларында және букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың электронды кассаларында, казино кассалары мен ойын автоматтары залдарында, сондай-ақ өздерінің интернет-ресурстарында орналастырылуы тиіс. Талаптарды орындамағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.