jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Елден заңсыз шығарылған активтер ІІМ интерполы арқылы қайтарылмақ

    Алтын және ақша
    Алтын және ақша. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Астанада Ішкі істер министрлігі Интерпол Ұлттық орталық бюросы мен Бас прокуратураның активтерді қайтару жөніндегі комитеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомство мәліметінше, бұл қадам экономикалық қылмыстармен және активтерді заңсыз шығарумен күресте ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

    Меморандум аясында тараптар бірлескен бастамаларды іске асыру, активтерді қайтару және заңсыз қаржы операцияларының жолын кесу саласындағы ақпарат пен тәжірибе алмасу үшін күш біріктіруге келісті.

    "Меморандум ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ заңсыз жолмен шығарылған активтерді қайтару бойынша жаһандық күш-жігерді нығайтуға деген шешімімізді көрсетеді", – деді ІІМ Интерпол ҰОБ-ның бастығы Мерей Мақұлжан.

    Оның йтуынша, мұндай серіктестік халықаралық тергеулерге қолдау көрсету және мемлекеттер мен олардың азаматтарына тиесілі қаражатты қайтару арқылы экономикалық қылмыстарға неғұрлым жедел және тиімді қарсы тұруға мүмкіндік береді.

    Өзара көмек туралы меморандум елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ортақ міндеттерді шешу үшін ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен тұрақты платформа құруға негіз қалайтыны айтылды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.