jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда автонесие алу рәсімі жеңілдетілуі мүмкін

    жолдағы көліктер
    Жолдағы көліктер. Көрнекі фото: Ditto/Getty Images

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстанда автонесие алу рәсімін жеңілдетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Ашық НҚА" порталына сілтеме жасап.

    Порталда "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк және микроқаржы қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулы жобасы жарияланған.

    Жобаға сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін автокөлік сатып алу үшін берілетін несиелерге борыштық жүктеме коэффициентінің шекті деңгейін сақтау талабы жойылуы мүмкін. Бұл жеңілдік мына жағдайларға қатысты болады:

    • жаңа автокөлікті кепілмен сатып алу;
    • пайдаланылған автокөлікті 50 пайыздан астам бастапқы жарнамен кепіл арқылы сатып алу;
    • 3 жылға дейін пайдаланылған автокөлікті 30-50 пайыз бастапқы жарнамен кепіл арқылы сатып алу.

    Агенттіктің түсіндірме жазбасында бұл түзетулер отандық автокөлік өнеркәсібін дамыту және қолдау мақсатында енгізілетінін атап өтті. Сонымен қатар жеңілдетілген автонесие шарттары арқылы сатылатын көліктердің көлемін арттыру көзделген.

    Кепілмен қамтамасыз етілген несиелер тәуекелі төмен деп бағаланып отыр, өйткені мерзімі өткен жағдайда берешек кепілдегі автокөлікті сату арқылы өтелуі мүмкін.

    Қаулы жобасы 20 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауда болады.

    Қазақстанда автонесие алу рәсімі жеңілдетілуі мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.