Қаржы

Зектілері

"Наурыз" бағдарламасы: 10% бастапқы жарнамен баспаналы болудың жолы

Жарияланған күні:

Жанерке Балабек
Фото: Жанерке Балабектің жеке мұрағатынан

Елімізде баспана алудың мүмкіндіктері артып келеді. Қазақстандықтар қаржылық сауаттылыққа мән беріп, депозит ашуды трендке айналдырған. Заман талабына сай қаражат жинаудың да түрлі тәсілдері бар. Бүгінде ел тұрғындарына қолайлы шарттармен ипотеканың түр-түрін ұсынып жүрген "Отбасы банк" мемлекеттік бағдарламаларды да тиімді жүзеге асырып келеді. Мәселен, биылғы жылы "Наурыз" бағдарламасымен 7 651 отбасы жеңілдетілген заем алып, қоныс тойын тойлаған. Бұл туралы "Отбасы банк" өкілдері хабарлады.

Аталмыш бағдарламамен баспаналы болғандардың бірі – Жанерке Балабек. Ол тұрмысқа шыққаннан кейін, уақыт күттірмей жолдасымен бірге депозитке ақша жинай бастаған. Бастапқы жарнаны жинап болған соң өздеріне тиімді бағдарлама іздеген. Жанеркенің айтуынша, "Наурыз" бағдарламасының шарттары жеңіл, әрі ұзақ уақытты алмапты.

"Біз Отбасы банк арқылы Наурыз бағдарламасымен үй алдық. Бұл бағдарлама біз үшін өте тиімді бағдарламалардың бірі болды. Себебі ешқандай тұрақты тіркеуді қажет етпеді. Біз жолдасым екеуміз көптеген бағдарламаларға қатысуға ниеттеніп жүрдік. Бірақ ешқандай бағдарлама бізге сай келмеді. Қолымызда біршама қаражатымыз болса да үй алу біз үшін қиыншылық туғызды. Депозитті үйленген кезден бастап ашып ақша жинағанбыз. Менде жалақы болған жоқ. Себебі, оқу оқыдым, балалы болдық сонымен үйде болдым. Жас отбасы болсақ та куйеуімнің жұмыс жасағанының арқасында ақша жиналып, үй алып отырған жайымыз бар", – дейді Жанерке Балабек.

Жанерке Балабек
Фото: Жанерке Балабектің жеке мұрағатынан

Нәтижесінде шымкенттік отбасы жөндеу жұмыстары толық жүргізілген, таза әрлеудегі дайын үйді 23 миллион теңгеге сатып алған. Бастапқы жарна – 8,5 млн теңгені құраған. Ал кредит бойынша ай сайынғы төлемі 181 мың теңге шыққан.

"Осы орайда бізге үй алуға бағыт-бағдар берген Отбасы банк кеңесшісі Ирманова Халипа ханымға алғысымды айтқым келеді. Үй алу жолдарын нақты түсіндіріп, ешқандай ақы алмай соңына дейін бізбен бірге болды. Наурыз бағдарламасы әлі де жалғасын таба берсін. Барлық үй алғысы келіп жүрген қазақстандықтар тиімді жолмен үйлі болсын! Уақытында депозит ашып, іске кіріссеңіздер нәтижесі болатыны анық",– дейді ол.

"Наурыз" бағдарламасы арқылы баспана аламын деушілер үшін 2025 жыл қолайлы болмақ. Өйткені, бастапқы жарна 20 пайыздан 10 пайызға дейін төмендейді. Яғни, пәтерді 10 пайыз бастапқа жарнамен сатып ала аласыз және ол міндетті түрде таза әрлеудегі тұрғын үй болады. Алайда жаңа талап бойынша үміткердің депозитінде 2 млн теңгеден кем емес қаражат болуы тиіс. Бұл тұтынушылардың уақыты мен қаржысын үнемдейді. Себебі ипотека рәсімдеген азамат алған баспанасын жөндеймін деп қосымша несие алып, шығынданбайды. Бағдарламаға қатысушылар Баспана маркет порталынан (otbasybank.kz) бастапқы тұрғын үйді таңдап, брондап, сатып алады. Бүгінде платформада 18 935 пәтерлі 947 тұрғын үй ұсынылған.

Жанерке Балабектің отбасы
Фото: Жанерке Балабектің жеке мұрағатынан

"Наурыз" бағдарламасының негізгі шарттары:

  • алғашқы жарна 2025 жылдан бастап 10 пайыздан басталады.
  • тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме - 7% (ЖТСМ 7,3%-дан 8,9% дейін);
  • азаматтардың барлық санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме - 9%(ЖТСМ 9,3%-дан 11,8% дейін);
  • несие мерзімі - 19 жылға дейін.
  • Алматы мен Астана қалалары үшін - 36 млн теңгеге дейін.
  • қалған өңірлер үшін – 30 млн теңгеге дейін есептеледі.

*Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 1.1.111 банк заңнамасында көзделген банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиясы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/banks/2204184-nauryz-bagdarlamasy-10-bastapqy-zharnamen-baspanaly-boludyng-zholy/