jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    "Наурыз" ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

    Ипотекаға үй алу
    Ипотекаға үй алу. Көрнекі сурет: Witthaya Prasongsin/Getty Images

    Бүгін, 5 наурызда Қазақстанда "Наурыз" ипотекалық бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды. Өтінім 31 наурызға дейін онлайн түрде қабылданады. Бұл туралы Отбасы банкінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Наурыз" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау бүгін сағат 9:00 де басталды. Барлық өтінім "Baspana Market" жылжымайтын мүлік порталында наурыздың 31-не дейін қабылданады.

    Бағдарламаға соңғы 5 жыл ішінде меншігінде жылжымайтын мүлкі болмаған барлық қазақстандықтар қатыса алады.

    Бұл ретте Отбасы банк бағдарламаға қатысу шарттарын атады.

    Біріншіден, Отбасы банкінде депозит ашу (егер жоқ болса) қажет. Депозит мерзімі маңызды емес.

    Екіншіден, жинақ шотында кемінде 2 млн теңге болуы керек (өтінім берер алдында толықтыруға болады).

    Сондай-ақ соңғы 5 жыл ішінде өзіңізде және отбасы мүшелеріңізде тұрғын үйдің болмауын растау керек.

    Отбасы мүшелері ретінде жұбайы және кәмелетке толмаған балалары саналады. Егер өтінім беруші үйленбеген/тұрмыс құрмаған болса, тек өзінің жылжымайтын мүлкі тексеріледі.

    Бұдан бөлек, соңғы 6 ай ішінде ресми табыстың болуын қамтамасыз ету қажет.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.