Қаржы

Зектілері

HCB Business Шымкентте жаңа аллея салып берді

Жарияланған күні:

HSB командасы Шымкенттегі жаңа аллеяда.
Шымкенттегі жаңа аллея. Фото: Home Credit Bank

Home Credit Bank өзінің 20 жылдық мерейтойына орай Шымкент қаласына 100 ағаштан тұратын жасыл аллея сыйлады. "HCB Business жасыл аллеясы" экологиялық акциясы Қазақстанның барлық өңірін қамтитын болады. Экожоба аясында Шымкенттегі А. Асқаров атындағы Дендропарк аумағында банк қызметкерлері серіктестерімен бірлесіп 100 ағаш пен бұта отырғызды, деп хабарлады компания.

Ағаш отырғызу шарасына Home Credit Bank басқарма төрағасы Кирил Бачваров және экожобаны қолдаған банктің серіктес компанияларының өкілдері қатысты.

"Қазақстанда 20 жыл жұмыс істеген Home Credit Bank тек қаржылық қызметтерді қолжетімді етумен ғана шектелмей, ел қалаларының экологиялық жағдайын жақсартуға да үлес қосып келеді. Екі жыл бұрын біз "Қуана көмектесеміз" ұранымен даму стратегиясын бекіттік және бұл экожоба клиенттеріміз бен қызметкерлерімізге ғана емес, Қазақстан қоғамына да пайдалы болуға деген ұмтылысымызды көрсетеді деп ойлаймын. Халықтың өмір сапасын жақсарту үшін еліміздің мүмкіндігінше көп қаласын қамтуға тырысамыз", – деді шара барысында банк басқарма төрағасы Кирил Бачваров.

Шымкентте салынған жаңа аллея
Шымкентте салынған жаңа аллея. Фото: Home Credit Bank

"HCB Business Жасыл аллеясы" жобасы екі жыл бұрын іске қосылған Home Credit Bank Business онлайн-банкі құрметіне бастама ретінде көтеріліп, солай аталды. Экожобаның мақсаты – елдің экологиялық жағдайын жақсартуға үлес қосу және тұрақты даму қағидаттарын жүзеге асыру. Осы бастама аясында Алматыда Әліби Жангелдин атындағы скверде 100 ағаш отырғызылды. Келесі кезекте Астанада жасыл аллея пайда болады.

Экологиялық науқан қатысушылары
Экологиялық науқан қатысушылары. Фото: Home Credit Bank

"Home Credit Bank Business – шағын және орта бизнеске арналған цифрлық банк – әлеуметтік және экологиялық жобаларды белсенді түрде қолдайды. Бүгін біздің жасыл аллеямыз халқы 1,2 миллионнан асатын, әрі бұл көрсеткіш өсуі ықтимал тағы бір Қазақстан қаласында пайда болды. Сондықтан HCB Business жобасы тек қоршаған ортаны жақсартуға ғана емес, біздің ортақ болашағымызға да үлес қосады. Көгалдандыру ауаның сапасын жақсартуға және қолайлы микроклимат қалыптастыруға ықпал ететін бірқатар функцияны орындайды. Бұл идеяны біздің серіктестеріміз де қолдап, бірлескен күш-жігерімізбен Қазақстан қалаларын көгалдандырып, тұрғындардың өмір сапасын жақсарта аламыз. Шымкент тұрғындары мен қонақтарына біздің жасыл аллеямыз ұнайды деп үміттенеміз", – деп атап өтті Home Credit Bank-тің шағын және орта бизнес бойынша басқарушы директоры Арина Лепихова.

Экологиялық науқан қатысушылары
Экологиялық науқанға қатысушылар. Фото: Home Credit Bank

PPF халықаралық тобының құрамына кіретін Home Credit Bank ESG тұжырымдамасын, жауапты банктік қызметті ілгерілетеді және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына үлес қосады. 2024 жылы банк "Болашағымыз жарқын болуы үшін бүгін қандай мүмкіндіктерді жасап жатырмыз" атты тұрақты даму жөніндегі алғашқы есебін жариялады. Есепте 2023 жылы қол жеткізілген жауапты және этикалық банкинг саласындағы маңызды жетістіктер жинақталған.

Шымкентте салынған жаңа аллея. Фото
Шымкентте салынған жаңа аллея. Фото: Home Credit Bank

Home Credit Bank PPF халықаралық тобының құрамына кіреді. 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша банк Қазақстанда активтері бойынша 12-орынды алады, оның жалпы сомасы – 1 трлн теңге. Банктің капиталы – 195 млрд теңге, несиелік портфелі – 785,2 млрд теңге, депозиттік портфелі – 514,5 млрд теңге.

*Банктік қызмет Қазақстан Республикасында лицензияланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/banks/2231216-hcb-business-shymkentte-zhanga-alleia-salyp-berdi/