jitsu gif
Қаржы

    "Отбасы банк" кейбір сервистерінің жұмысында кідірістер болуы мүмкін екенін ескертті

    Ноутбукпен жұмыс істеп отырған адам
    Ноутбукпен жұмыс істеп отырған адам. Көрнекі фото: pexels.com

    "Отбасы банк" АҚ бүгін, 14 мамырда кейбір сервистерінің жұмысында кідірістер болуы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "14 мамыр күні сағат 18:00-ден 22:00-ге дейін жүктеме тестілеуіне байланысты "Otbasybank.kz" жылжымайтын мүлік порталы, https://enpf-otbasy.kz/ зейнетақы аударымдарын пайдалану платформасының және "Otbasy bank Lite" жаңа мобильді қосымшасының жұмысында кідірістер болуы мүмкін екенін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

    Банк өкілдері қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, аталған сервистерді пайдалану кезінде осы ақпаратты ескеруді өтінеді.

    Айта кетейік, бұған дейін еліміздегі мамандандырылған ХҚКО-ларда биометриялық сәйкестендіру технологиясы енгізілетінін хабарлаған едік.

    "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиевтың айтуынша, бұл заң бұзушылықтар санын азайтуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік бермек.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.