jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ұлттық банк номиналы 10 000 теңгелік ескі үлгідегі банкнотаны қолдану мерзімін ұзартты

    10 мың теңгелік купюралар
    10 мың теңгелік купюралар. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Ұлттық банк номиналы 10 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру мерзімін бір жылға – 2027 жылғы маусымға дейін ұзартылғанын хабарлайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Бұл шешім Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының ұсынысын ескере отырып қабылданып отыр және ескі үлгідегі банкноталарды есеп айырысу кезінде қосымша бір жыл ішінде пайдалану мүмкіндігін, сондай-ақ оларды жаңа үлгідегі банкноталарға кезең-кезеңмен ауыстыруды көздейді", - делінген хабарламада.

    Ұлттық банк "Сақ стилі" сериясымен шығарылған жаңа банкноталарды кезең-кезеңімен шығаруды жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

    "Оның аясында ескі үлгідегі банкноталарды жаңасына рет-ретімен ауыстыруды қамтамасыз ететін айналымда қатар жүру механизмі қолданылады.

    Ол кезең аяқталған соң барлық банк пен "Қазпошта" АҚ ескі үлгідегі банкноталарды жаңа үлгідегі банкноталарға тағы 3 жыл бойы, ал Ұлттық банктің филиалдары – мерзімсіз айырбастайтынын атап өтеміз", - делінген хабарламада.  

    Ұлттық банк жаңа және ескі үлгідегі банкноталар айналымда қатар жүрген кезеңде заңды төлем құралы болып қала беретінін еске салады. Олар ҚР бүкіл аумағында белгіленген құнына сай барлық төлем мен аударым түрін жүзеге асыруға, банк шоттарына аудару үшін қабылдануға жатады.

    Ұлттық банк номиналы 10 000 теңгелік ескі үлгідегі банкнотаны қолдану мерзімін ұзартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.