Несие беру шарттарын қатаңдату: Ұлттық банк төрағасы жаңа механизмді енгізуге қатысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов брифингте несие беру шарттары қашан қатаңдатыла бастайтыны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Журналистер Қазақстанда несие берудің жаңа механизмдері маусымның басында енгізіледі деген ақпарат тарап жатқанын атап өтті. Сондай-ақ жаңашылдықтар келесі жылы енгізіледі деген қауесеттер де бар екенін айтты.
"Біз жаңа макроэкономикалық құралды, яғни "қарыз бен табыс арақатынасының коэфициентін" енгізуді жоспарлап отырмыз, бірақ оны сақтықпен енгіземіз. Жалпы алғанда, тұтынушылық несие беру азайып, бизнесті несиелендіру өсіп келеді деп айтар едім.
Біздің мақсатымыз – адамдардың қарызға батуына жол бермеу және олардың дамуына көмектесу. Бұл норма осы мақсатта енгізіліп отыр. Дегенмен біз тұтынушылық несие беруді қатаңдатуды немесе оны мүлдем алып тастауды көздеп отырған жоқпыз. Көре жатармыз. Егер бола қалса, қалай және қашан екенін. Әлі шешім қабылданған жоқ", - деді Тимур Сүлейменов.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/banks/2369696-nesie-beru-sharttaryn-qatangdatu-ulttyq-bank-toragasy-zhanga-mehanizmdi-engizuge-qatysty-pikir-bildirdi/