jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ұлттық банк теңге бағамы белгіленетін валюталар тізімін кеңейтеді

    Теңге және Ақш доллары
    Теңге және АҚШ доллары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ұлттық банк теңгенің ресми бағамы белгіленетін шетел валюталарының тізімін кеңейтеді, деп хабарлайды Ұлттық банкке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ұлттық банк Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу қағидаларына өзгерістер енгізу бойынша қаулы жобасын әзірленген.

    Қаулы жобасына сәйкес, ұлттық валютаның ресми бағамы белгіленетін шетел валюталарының тізімін 39-дан 48 валютаға дейін кеңейту көзделеді.

    Қаулы жобасында тізімге мына елдердің 9 ұлттық валютасын қосу ұсынылады: Вьетнам, Мысыр, Израиль, Индонезия, Қатар, Моңғолия, Оман, Пәкістан, Румыния.

    Тізімді кеңейту туралы шешім кейінгі 5 жылдағы сауда айналымына, төлемдердің көлемі мен валюталарына жасалған талдау негізінде қабылданған.

    Бұған қоса, жеке және заңды тұлғалардан ресми бағам бойынша түскен сұраныстардың тарихы да ескерілген.

    Ұлттық банк теңге бағамы белгіленетін валюталар тізімін кеңейтеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.