Halyk Business: қоқыстан бизнес жасаған кәсіпкер әйелге банк қалай көмек көрсетті
Жарияланған күні:
Елдегі әр екінші бизнесті әйелдер басқарады. Ұлттық экономика министрлігінің дерегінше 2025 жылы 1 миллионнан астам әйел шағын және орта бизнеске иелік етеді, бұл жалпы көрсеткіштің 48,1%-ы. Осындай мыңдаған оқиғаның артында Қазақстандағы жаңа үрдіс – әйелдер кәсіпкерлігі тұр.
Әйнек қалдығынан табыс тапқан әйел оқиғасы
Экология саласында 24 жыл тәжірибесі бар Гүлмаржан Укашова елдегі әйнек қалдықтарының көптігін, бірақ оның өңдеу жүйесі әлсіз екенін байқаған. Біреулер шыны қалдығын қоқыс көрсе кәсіпкер оны бизнеске айналдырған. Осылайша 2011 жылы Орал қаласында шыны қалдықтарын өндіретін "Тұранпромресурс" компаниясы құрылды. Бүгінде компания өндірістік ұйымдар мен тұрғындардан қалдықтарды қабылдап, оны қайта өңдейді. Кеше ғана сынық болған шыны бүгінде берік тротуар плиткасы мен шағын сәулеттік пішіндердің элементтеріне айналып, екінші өмірге ие болуда. Яғни, қоқыс қалдығы дайын өнімге айналады.
Өндірісті қалай дамытты?
Кез келген кәсіптің дамуында қаржыландыру маңызды рөл атқарады. Кәсіпкерге автоматтандырылған өндіріс желісін іске қосуға қажетті жабдық сатып алу үшін қаржыландыру қажет болған. Кейіннен жобаға Halyk-тың "Әйелдер кәсіпкерлігі 2025" бағдарламасы аясында қолдау көрсетіліп, тиімді шарттармен ұзақ мерзімді несие берілген.
Бизнеске қандай қолдау көрсетілуде?
Halyk 2018 жылдан бері "Бизнестегі әйелдер" бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Осы уақыт ішінде 5-8% мөлшерлемемен 600-ден астам кәсіпкер қаржыландырылған. Жалпы алғанда, банк әйелдер бизнесін қолдауға 7 млрд теңгеге жуық қаржы бағыттаған.
Әйелдер кәсіпкерлігі бұл тек әлеуметтік үрдіс емес, экономиканы алға ілгерілететін маңызды фактор. Осындай кейстер дұрыс қолдау болса, идеялар мықты өндіріске, ал өндіріс табысты бизнеске айналатынын дәлелдейді. Ал Гүлмаржан Укашованың оқиғасы еліміздегі әйелдер бизнесін дамытудағы жалғыз кейс емес, көп кәсіпкерлер өз істерін банк бағдарламалары арқылы дамытуда.
*Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметті жүргізуге 2023 жылғы 23 маусымда № 1.2.47/230/38/1.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/banks/2381580-halyk-business-qoqystan-biznes-zhasagan-kasipker-aielge-bank-qalai-komek-korsetti/