jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Болат Өтемұратов Қазақстанның ең бай адамы атанды

    : UGC

    1 наурыз күні жарияланған америкалық Forbes журналының жыл сайынғы рейтингіне сәйкес, Болат Өтемұратов ең бай қазақстандық деп танылды. Тізімде тағы 5 қазақстандық бар.

    Өтемұратов Forbes рейтингінде 771 орынға тұрақтаған. Оның мүлкін журнал 2,3 млрд долларға бағалаған. Ал өткен жылы мүлкі 2,6 млрд доллар болған.

    Қазақстандықтар арасында екінші орынды Тимур мен Динара Құлыбаевалар алған. Олардың мүлкі әрқайсысына 2 млрд доллардан бағаланып отыр. Бұл - тізімдегі 906 орын. 2015 жылы олардың мүлкі 2,1 млрд доллар деңгейінде болған.

    Бұдан бөлек, ең бай қазақстандықтардың бестігіне Әлижан Ибрагимов пен Владимир Ким кірген. Олар тізімде әр қайсысы 1,5 млрд доллар мүлікпен 1198 орынға тұрақтаған.

    Тізімнің бірінші орнында әлемнің ең бай адамы ретінде америкалық IT-корпорациясы Microsoft-тың негізін қалаған Билл Гейтс тұр. Оның мүлкі 75 млрд долларға бағаланған. Ол рейтингте осымен 17 рет көш бастап тұр.

    Әлемдегі ең бай ресейлік тұрғын Леонид Михельсон болып шықты. Ол рейтингте 14,4 млрд доллар мүлкімен 60 орынға тұрақтаған.

    Болат Өтемұратов Қазақстанның ең бай адамы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.