jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Елімізде 28 мың теңгеге күн көру мүмкін бе: Министрлер мен депутаттар жауап берді

    : UGC

    Ресми мәліметтер бойынша Қазақстан халқының 2,6 пайызы кедейшіліктің шегінде өмір сүреді екен. Елімізде ең төменгі күн көріс деңгейі - 28,7 мың теңгені құрайды екен. Осы сомаға Қазақстанда өмір сүруге бола ма? Бұл сұрақтың жауабын Азаттық Радиосының тілшілері министрлер мен депутаттардан анықтамақ болды деп жазады

    NUR.KZ

    .

    abctv.kz
    Көрнекі фото:abctv.kz: UGC

    Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов сұраққа нақты жауап берген сыңай танытып, аталмыш көрсеткіш өседі деп сендірді.

    "Еліміздегі орташа жалақы көлемі 163 мың теңгені құрайды. Бұл көрсеткіш өсіп келеді. "Ең төменгі күнкөріс деңгейі 28 мың теңгеге өмір сүруге бола ма?" деген сұрағыңыз дұрыс емес, себебі Қазақстан халқының басым бөлігі бұдан көп жалақы алады. Елбасы 2019 жылдан бастап бұл санды 2 есеге өсіруді тапсырды. Енді бұл сома 42 мың теңгеге өседі. 42 мың теңгеге көп нәрсе алуға болады деп ойлаймын", - деді министр.

    Мәжіліс депутаты Владислав Косарев Қазақстанда кедейшілік шегінде өмір сүретін адамдардың 2,6 пайыздан да көп екенін айтып өтті.

    "Сол күнкөріс деңгейін анықтаған адамдардың өздері осы ақшаға өмір сүріп көрсе қалай болатынын көрер едім", - деп жауап қайтарды ол тілші сұрағына.

    Мәжіліс депутаты Азат Перуашев кез-келген шетелдің мемлекеттерінде кедейлер бар екенін, бірақ мемлекеттер олардың әл-ауқатын арттыру үшін көмектесетінін айтып өтті.

    "Азаматтарға қабілеттерін дұрыстап пайдалануға мүмкіндік толықтай әлі берген жоқпыз", - деп сөзін тәмәмдады депутат.

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова болса жауап беруден үзілді-кесілді бас тартып, кетуге асықты.

    Елімізде 28 мың теңгеге күн көру мүмкін бе: Министрлер мен депутаттар жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.