Жер қойнауынан түсірілген фоторепортаж: Кеншілердің жұмысы қаншалықты қауіпті?
Жарияланған күні:
Тау-кен өнеркәсібіндегі қауіпсіздік техникасының қатаң ережелері және еңбекті қорғау жылдар бойы дамып, қауіптің айтарлықтай төмендеуіне ықпал етіп келеді. Осыдан ондаған жыл бұрын, жүздеген метр тереңдікте кеншілер жалғыз өзі жұмыс жасауға тура келген. Ал, бүгінде жұмысқа қажетті қуатты машиналар адам жеткен жерге дейін еніп, олардың қызметін жеңілдетуде.

Жыл сайын, тамыздың соңғы жексенбісінде, кеншілер өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Олардың табанды еңбегі – экономиканың тұрақты дамуының кепілі. Кеншілердің жанқиярлық жұмысына құрметпен қарап, олардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды. Бастысы жұмыс кезінде адам денсаулығына зиян келтіретін қауіптерге төтеп беру қажет. Осы мақсатта тау-кен өндірісі төнген қауіпті анықтаудың инновациялық әдістерін қолданады. Біз бүгін «Қазақмыс» корпорациясының кен орнын мысалға ала отырып, кеншілердің еңбек қауіпсіздігі жөнінде баяндаймыз.

Нұрқазған – республика орталығында шоғырланған мыс өндіру кеніші. 16 жыл ішінде компания өзінің жақсы өндірістік нәтижелерімен, инновациялық шешімдерімен, еңбекті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету тиімділігімен танымал болды. Оның тереңдігі – Орталық Азиядағы ең биік ғимарат Абу-Даби Плазаның биіктігімен бірдей. Бірақ ғимарат секілді 400 метр жоғары емес, 400 метр жер астына қарай ойысқан.
Кеншілер алдымен күн сайынғы тексеруден өтіп, жұмыс дайындығын пысықтайды. Бас директордың жиынында күнделікті атқарылатын жұмыс барысы, өндірілген көлем, қауіпсіздік ережелері мен жарақат алудың негізгі мәселелері туралы ақпарат беріледі.

Кеншілерде шахта жұмысы жер үстінен басталады. Жер қойнауына түсер алдында бірқатар кеңседен өтеді. Онда оларға жұмысқа қажетті арнайы киім-кешек пен қорғаныс шлемі беріледі. Сол жерде міндетті қауіпсіздік бойынша жаттығулар мен медициналық тексеру өткізіледі.

Бұл әйелдің жұмысы арқасында кеншілер шахта шамы және бір рет қолданылатын респиратормен қамтамасыз етіледі.

Шахтаға түсер алдында және жұмыс соңында жұмысшылар тыныс алу құралымен (алкотестер) тексерістен өтеді.

Одан кейін шахтадағы жұмыс орындарына апаратын жол басталады. Онда жұмысшылар арнайы жәшіктермен, ал үлкен жабдықтарға арналған серпантинмен жер қойынауына жеткізіледі.

Енді біз төменге түсіп, опырылудан, құлаудан қорғалған бетондалған шахтаға аяқ басамыз.
Шахта тереңде болса да, таңқаларлықтай жарық. Кеншілердің денсаулығын сақтау үшін сынақ режимінде жарықдиодты шамдар жүргізілген.

Шахта жер асты қаласы секілді, атмосферасы метроны еске түсіреді.

Мамандар жұмысқа қажетті жабдықтарды әр ауысым (таңертең, күндіз, түнде) алдында тексереді.

Шахтада төнетін негізгі қауіптер: электр тоғының соғуы, биіктен құлау, жаяу жүргіншілер жолымен өздігінен жүретін көліктердің әрекеттесуі, тау жыныстарының құлауы, жұмыс орындарындағы шаң және шу деңгейінің жоғарылауы.

Мұндай мәселелерге жол бермеу үшін шахта аймағы екі мәрте тексеріліп, құрал-жабдықтар тексеріледі. Әрі қарай бекіту, бұрғылау, иіру, ұңғымалар мен жарылыстар кесте бойынша жүреді, содан кейін руда өздігінен жүк түсіргіш машиналарға жіберіледі. Қауіпсіздіктер толықтай тексерілмей, жұмысшылар жұмыс орнына жіберілмейді. Ал қандайда бір мәселе туындаса бөлім басшысына, бас инженерге не шахта басшысына айтылады.

Қауіпсіздік ережесі жергілікті арнайы көлікте де сақталады. Онда көлік дөңгелектеріне тіреуіш орнатылып, арнайы белгі беру сигналдары қолданылады.


«Ең басты басымдық – қауіпсіз жұмыс, содан кейін өндірістік көрсеткіштер», - дейді жұмысшылар.

ХХІ ғасырдағы кеншілердің негізгі жұмысы – машиналарды басқару және қолайсыз жағдайларды жедел жою. Бұл ерлікпен пара-пар, өйткені жұмыс кезіндегі қозғалыс үлкен физикалық күшті талап етеді. Бұл жерде кеншілер бірнеше тәулік бойы жұмыс жасайды. Сондықтан жұмыс берушілердің маңызды міндеті – жұмысшы қауіпсіздігін қадағалау.
Кеншілер өз ойын: «Біз мұнда 11 жылдан бері жұмыс жасаймыз. Осы уақытқа дейін бірде-бір апаттық жағдай болған жоқ. Менің ойымша, бұл еңбекті қорғау шараларының тұрақты қадағалануынан», - деп түйіндейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/1814191-zer-kojnauynan-tsirilgen-fotoreportaz-kensilerdi-zmysy-kansalykty-kauipti/