jitsu gif
Қаржы

    Министр Қазақстанда қанша Қытай азаматы жұмыс істеп жүргенін айтты

    : Instagram

    Елімізде қазіргі уақытта 21 300 шетелдік жұмысшы қызмет етеді соның 4300-і – Қытай азаматтары болып табылады. Бұл туралы Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

    Көрнекі фото: pixabay.com
    Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

    Бұл туралы министр үкімет кулуарында айтты.

    "Бүгінде 21 300 шетелдік маман жұмыс істеп жүрсе, соның 4300-і – қытайлықтар. Иә, үлесі басқаларға қарағанда көбірек. Бірақ егер соңғы төрт жылмен салыстырсақ, 2016 жылы 12-13 мыңдай қытайлық еңбек етті, одан кейін 9 мың, 6 мың болды. Қазір – 4300. Сондықтан ресми рұқсаттама бойынша істеп жатқан қытайлық жұмысшылар саны азайып келеді", - деді Нұрымбетов.

    Ол шетелдік жұмысшылар ең көп құрылыс және тау-кен өндіру саласына тартылғанын жеткізді.

    Басылым дерегінше, министрлік бас прокуратураның бастамасымен шетелдік жұмысшылар тартылған ірі кәсіпорындарды тексеріп шыққан.

    "Бірінші кезеңде 50-ден аса шетелдік жұмыс күшін тартатын 63 ірі компанияны тексердік. Нәтижесінде, еңбек заңнамасын бұзудың 700-ге жуық фактісі анықталды. Өкінішке қарай, 24 компанияда шетелдік және отандық мамандардың жалақысы мен тұрмыстық жағдайында айырмашылық айқындалды. Осындай 400 факті тіркелді", - деді министр.

    Екінші кезеңде отыздан аса шетелдік жұмысшы істейтін 34 мекеме тексеріліп жатқаны белгілі болды.

    Ведомство басшысының мәліметінше, 14 компанияның тексерісі аяқталған.

    Нәтижесінде төрт кәсіпорында қазақстандық мамандар шетелдіктерден аз жалақы алғаны анықталды.

    Министр тексеру жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.

    Министр Қазақстанда қанша Қытай азаматы жұмыс істеп жүргенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.