Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент әкімдері қанша жалақы алады
Жарияланған күні:
Еліміздегі республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласының әкімдері қанша жалақы алады. Бұл сұраққа KAZ.NUR.KZ zakon.kz сайтына сілтеме жасап жауап береді.

Әкімдікке сұраныс жіберген басылым редакциясы үш қала әкімінің еңбек өтілін есепке ала отырып, қанша жалақы алатынын анықтады.
Нұр-Сұлтанда аталған ақпарат әкімдік сайтында бар екенін мәлімдеді. 2019 жылы тамыз айының соңында жарияланған "Нұр-Сұлтан басшылығы кірістері туралы ақпарат" бөлімінде қала басшысы Алтай Көлгіновтің 711 007 теңге жалақы алатыны айтылады.
Ал Алматы әкімдігі нақтырақ ақпарат ұсынды. 20 жылдан көп еңбек өтілі бар Бақытжан Сағынтаев 967 671 теңге айлық алады. Ал міндетті салықтар мен аударымдарды шегергеннен кейінгі сома 783 814 теңгені құрайды.
Шымкенттің жаңа әкімі Мұрат Әйтеновтің айлық табысы 946 540 теңге. Ал салықтарды шегерер болсақ, 761 540 теңге қолға тиеді.
Айта кетейік, таяуда Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дәуешов мәжіліс кулуарында қанша жалақы алатынын мәлімдеген еді.
Оның сөзінше, айлық табысы 700 мың теңгені құрайды.
БАҚ өкілдерін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің де айына қанша жалақы алатыны қызықтырған еді.
Министрдің айтуынша, оның нақты айлық табысы 900 мың теңге.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/1839145-nr-sltan-almaty-zne-symkent-kimderi-kansa-zalaky-alady/