jitsu gif
Қаржы

    Bek Air ұшуға рұқсат ала ма: Азаматтық авиация комитеті жауап берді

    : UGC

    Азаматтық авиация комитетінің басшысы Талғат Ластаев Bek Air ұшуға рұқсат ала ма деген сауалға жауап берді. Белгілі болғандай, қазіргі таңда компанияны тексеру өз мәресіне жетіп келеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    ААК Bek Air ұшуға рұқсат ала ма деген сауалына жауап берді
    Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

    Талғат Ластаевтың хабарлауынша, бұл сауалға жауап тек барлық тиісті шаралар жасалғаннан кейін беріледі.

    Қазіргі таңда компанияны толықтай тексеру өз мәресіне жетіп келеді.

    Ведомство басшысы атап өткендей, компания басшылығы ақауларды жоюға қатысты жоспар құруға құқылы. Ол мақұлданған жағдайда компанияға оны іске асыруға және бұзушылықтарды жоюға алты ай уақыт беріледі.

    Алайда компанияға барлық олқылықтар түзетілмегенше қайта ұшуға рұқсат берілмейді.

    Бұған дейін ААК әуетасымалдаушыға қатысты барлық ескертулер айтылды.

    Ластаев атап өткендей, барлық кедергілерді жою - маңызды мәселе.

    Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Bek Air әуе компаниясының

    Fokker-100 ұшағы апатқа ұшыраған еді.

    Сол кезде компания басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов ұшақтың шассисіз де, қозғалтқышсыз да қона алатынын айтып, "құрылыс нысанымен соғыспағанда бәрі аман қалар еді" деген болатын.

    Айта кету керек, бұған дейін 27 желтоқсан күні Bek Air ұшағы құлаған үйдің иесін компанияның сотқа бергені белгілі болған еді.

    Алайда үйдің иесі өтемақы төлеуден қашып, 12 адамның өлімін өзіне артып қойған компаняға шағымданды.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.