jitsu gif
Қаржы

    Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасын көтергендерге қандай жаза қарастырылған

    : UGC

    Қазақстанда коронавирус індеті мен пневмония өршіп тұрған уақытта дәрілердің бағасын көтеру жағдайлары жиілеп кетті. Осы орайда Нурфин журналистері заңға бағынбай, препараттарды бірнеше есе қымбатқа сатқандарды қандай жаза күтіп тұрғанын анықтады.

    Көрнекі фото: NUR.KZ
    Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

    Денсаулық сақтау министрлігі әр алты ай сайын дәрі-дәрмектертің шекті бағаларын белгілейді.

    Алайда коронавирус пен пневмония елімізде өршіген тұста көптеген дәріханаларда препараттардың бағасы күрт көтерілген.

    Осыған дейін 30-100 теңгеге сатылған қарапайым "аспирин" 200-500 теңгеге бағаланса, "парацетамолдың" құны 300-400 теңгеге жеткен. Бұрын аталған дәрі 50-150 теңге тұрды.

    Бұндай жағдайларда жаза "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекспен реттеледі.

    Егер құқық бұзушының әрекеті адам денсаулығына зиян келтірмесе, дәрі-дәрмектердің бағасын көтеру үшін келесі айыппұлдар қарастырылған:

    • жеке тұлға үшін - 70 АЕК немесе 194 460 теңге,
    • лауазымды тұлға үшін - 100 АЕК немесе 277 800 теңге,
    • шағын бизнес үшін - 130 АЕК немесе 361 140 теңге,
    • орта бизнес үшін - 200 АЕК немесе 555 600 теңге,
    • ірі бизнес - 1 000 АЕК немесе 2,778,000 теңге.

    Айта кету керек, алыпсатарлар лицензиясы жоқ дәрі-дәрмектерді сатқаны үшін осындай қызметке бөлек жауапкершілік алады:

    • бес АЕК немесе заңсыз фармацевтикалық қызмет үшін 13 890 теңге,
    • фармацевтикалық қызмет ережелерін бұзғаны үшін 70 АЕК немесе 194 460 теңге.

    Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, DARI.KZ мобильді қосымшасы арқылы дәріханалардағы препараттардың бағасын жылдам салыстыруға және шағымдануға болады.

    Көрнекі фото: pixabay.com
    Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

    Еске сала кетсек, осыған дейін Шымкент тұрғыны тегін таратылуы тиіс дәрілерді сатып келгені анықталған болатын.

    Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасын көтергендерге қандай жаза қарастырылған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.