jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандықтар жылына неше келі балық жейді

    балық шаруашылығы
    Көрнекі фото: pexels.com

    Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қазақстандықтардың балықты аз тұтынатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

    Бұл туралы министр үкімет отырысында айтты.

    "Қазақстан балықты аз тұтынады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адам басына шаққанда жылына 16 келіден кем емес балық тұтынуды ұсынса, Қазақстанда бұл көрсеткіш бір адамға 4 келіден келеді", - деді ол.

    Сонымен қатар, Ресейде адам басына 23 келі, Қытайда 45 келі балық тұтынылатыны белгілі болды.

    Мырзағалиев шекара маңындағы аудандарды ескергенде, балық өнімдерінің экспорттық әлеуеті 3 миллион тоннадан асып түсуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

    Министрдің сөзінше, былтыр еліміздің балық өнімдері нарығының жалпы көлемі шамамен 66 мың тоннаны құраған. Яғни, балық аулау – 45 мың тонна, балық өсіру – 7,4 мыңға тоннаға жуық, экспорт – 30 мың тонна, ал импорт – 43,5 мың тонна.

    Мырзағалиев Қазақстан мұхит балықтары мен теңіз өнімдерін импорттайтынын мәлімдеді. Олар – майшабақ, скумбрия, мидия және тағы басқалар. Импорт Норвегия, Ресей, Исландия, Қытай және Балтық жағалауы елдеріне тиесілі екені айтылды.

    "Өз кезегінде, Қазақстан жыл сайын таяу және алыс шетелдің 36 еліне шамамен 60 миллион АҚШ доллары сомасына 30 мың тонна балық өнімдерін экспорттайды", – деді министр.

    Оның дерегінше, қазір кезде республика бойынша мыңнан астам балық шаруашылығы субъектісі жұмыс істейді. Балықтың басым бөлігі Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында ауланады, дейді Мырзағалиев.

    семга
    Көрнекі фото: pexels

    Еске сала кетсек, осыған дейін ғалымдар коронавирус инфекциясын "өлтіретін" тағамдарды атаған болатын. Олардың қатарында балық, грек жаңғағы жұмыртқа, күріш бар.

    Қазақстандықтар жылына неше келі балық жейді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.