jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Ұлттық экономика министрлігінің екі комитеті таратылды

    Көрнекі
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Ұлттық экономика министрлігінің екі комитеті таратылды. Сонымен қатар ведомстволардың штаттық саны да қысқартылды деп хабарлайды Zakon.kz.

    Басылым мәліметінше, үкімет "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" президенттің жарлығын iске асыру үшін 2020 жылғы 2 желтоқсандағы қаулысын қабылдаған.

    Тиісті құжатқа сәйкес, 2 комитеттің таратылатыны белгілі болды. Олар:

    • ұлттық экономика министрлігінің бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті;
    • ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті.

    Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиті 4207 адамнан 1078 адамға дейін қысқарды.

    Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

    Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауы барысында мемлекеттік қызмет жүйесін қайта қалыпқа келтіру қажеттілігін жеткізді.

    Президент коронавирус пандемиясы мен мемлекеттік орган қызметкерлерінің қашықтан жұмыс істеу форматына көшуі мемлекеттік аппаратты қысқартуға болатынын дәлелдегенін және бұл жүзеге асуы тиіс екенін айтты.

    Осыған байланысты, мемлекет басшысы квазимемлекеттіксектор қызметкерлері мен мемлекеттік орган штатын қысқартуды тапсырған еді.

    "Бұл жылы 10 пайызға, келесі жылы 15 пайызға қысқартуды тапсырамын", - деді президент.

    Оның сөзінше, үнемделген қаражат есебі арқылы басқа мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы артады.

    Сонымен қатар, президенті мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдаған еді.

    Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік аппаратты қысқарту, мемлекеттік саяси қызметті кәсібилендіру, мемлекеттік басқару үдерісін цифрландыру жөніндегі жұмыстар туралы да баяндалды.

    Ұлттық экономика министрлігінің екі комитеті таратылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.