jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда жаңа мұнай кен орны ашылды

    Мұнай
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Маңғыстау облысында ірі мұнай кен орны ашылды. Маманның сөзінше, бұл тәуелсіздік алған 30 жылда ашылған алғашқы ең үлкен кен орны болмақ деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің ресми сайты.

    Аймақта ірі мұнай кен орны ашылғаны жайлы облыс басшысы Серікбай Трұмов пен кен орнын игерумен айналысатын "Меридиан Петролеум" компаниясы президентінің кездесуінде белгілі болған.

    Жаңа кен орны Маңғыстау және Бейнеу аудандарының аумағындағы Тепке учаскесінде орналасқан. Маңында "Қарақұдық", "Арыстан", "Комсомольское" кен орындары бар.

    Мұнай кен орнына аты аңызға айналған геолог-барлаушы, Маңғыстаудағы кен орындарын ашуға атсалысқан Халел Өзбекқалиевтың есімі берілген.

    Алынған сынама нәтижесі мұнай сапасының өте жоғары екенін, жеңіл, құрамында күкірттің де жоқ екенін, стандартты тәсілмен алынатынын көрсеткен. Қазіргі таңда мұндағы мұнай қорын есептеу жүріп жатыр.

    Компанияның мәліметінше, кен орнын іздеу жұмыстары 3 жыл бұрын, 2018 жылы басталған.

    Еске сала кетсек, Ақтөбе облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "қара алтын" ұрлап, заңсыз сатумен айналысқан бір топ мемлекеттік қызметкерге үкім шыққан болатын.

    Құзырлы мекемелерде жұмыс істеген қызметкерлер ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, көлеңкелі бизнесті жүргізу үшін лауазымды тұлғаларға пара берген.

    Жалған құжат жасағандар сот үкімімен 7 жылдан 13 жылға дейін бас бостандығынан айрылды.

    Қазақстанда жаңа мұнай кен орны ашылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.