jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді

    Көшедегі адамдар
    Көрнекі фото: Marijan Murat/picture alliance via Getty Images

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес еліміздің 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ведомство аталған құжат президент тапсырмасы бойынша Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп әзірленгенін хабарлады.

    Жоспар халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған түбегейлі институционалдық және салалық реформалар үшін негіз қалайды.

    "Нақты стратегиялық көрсеткіштердің егжей-тегжейлі картасы ұлттық жоспардың ажырамас бөлігі және оған қол жеткізу үшін экономиканың өзіндік жеткіліктілігін арттыру, әртараптандыру, инвестицияларды таргеттелген тарту, экспортты белсенді ілгерілету, жеке кәсіпкерлікті қолдау және кешенді дамыту арқылы оның жаңа құрылымын қалыптастыру бойынша нақты шаралар қабылданады", - дейді баспасөз қызметі.

    Сонымен бірге, денсаулық сақтау мен білім беру қызметтерін жақсартуға, инфрақұрылымды дамытуға, нәтижелі жұмыспен қамтуға және халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға ерекше назар аударылатын болады.

    Еске сала кетсек, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметін үйлестіруде Ұлттық экономика министрлігінің құзыретін күшейту керектігін мәлімдеген еді.

    Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.