jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Билік пандемияға қарсы күреске қосымша 265 миллиард теңге бөлген

    ақша
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкімет отырысында 2021 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыстары 1,3 триллион теңгеге ұлғайтылатынын мәлімдеді. Нәтижесінде пандемияға қарсы шараларға қосымша 265 миллиард теңге бөлінген деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    "Індетке қарсы іс-шараларға қосымша 265 миллиард теңге бөлінді, оның ішінде карантиндік шараларды жүргізуге тартылған медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге –  70 миллиард теңге, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында медициналық қызметтерге ақы төлеуге 80 миллиард теңге", - дейді Ерұлан Жамаубаев.

    Оның айтуынша, сонымен бірге биыл мынадай негізгі бағыттарға қаржы бөлінеді:

    • әлеуметтік саланы қолдау, құқық тәртібі мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге – 182 миллиард теңге;
    • жұмыспен қамтудың жол картасы және Еңбек мемлекеттік бағдарламаларын, "Ауыл – ел бесiгi" жобасын іске асыруға –  177 миллиард теңге;
    • ауыл шаруашылығы және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласын дамытуға – 143 миллиард теңге;
    • республикалық және жергілікті жолдарды салу, реконструкциялау, жөндеу және ұстауға –  140 миллиард теңге;
    • шағын және орта бизнесті қолдауға - 64 миллиард теңге.

    Министрдің сөзінше, мемлекет басшысының тапсырмаларын қаржыландыруға 154 миллиард теңге көзделген.

    Ал өңірлерге 539 миллиард теңге трансферт бөлінеді.

    Жамаубаев осы шаралардың барлығы экономиканы ынталандыру және азаматтардың әл-ауқатын арттырудың негізін қалайтынын атап өтті.

    Билік пандемияға қарсы күреске қосымша 265 миллиард теңге бөлген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.