jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан Қытайдан ірі қарыз алушылар тізіміне енді

    Доллар
    Көрнекі фото: pexels.com

    Қытайдың ірі қарыз алушылары туралы ақпарат пайда болды. Бұл тізімде Қазақстан да бар болып шықты. Әлемнің дамушы 40 елінің Қытайға қарызы ішкі жалпы өнімнің 10 пайызынан асады.

    Қытай Халық Республикасынан қарыз алушылар туралы америкалық AidData зертханасының баяндамасында айтылған деп жазады Lenta.ru.

    Баяндамада барлық несиелер екі санатқа бөлінеді:

    • дамуға ресми көмек (ODA);
    • қаржыландыру бағдарламалары (OOF) – ел мен ҚХР арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, Қытай үшін әскери немесе коммерциялық тиімді жобаларды көрсетуге бағытталған несиелер.

    Қазақстан алған несиелер OOF ретінде жіктеледі. Бұл тізімнің көшбасшысы – 125 миллиард доллар қарызы бар Ресей, одан кейін Венесуэла (85,5 миллиард доллар), Ангола (40,66 миллиард доллар), Бразилия мен Қазақстан (әрқайсысы 39 миллиард доллар), деп жазады басылым.

    Қазақстан Қытайдан ірі қарыз алушылар тізіміне енді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.