jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    iPhone 13 смартфондарының нақты құны қанша

    Айфон
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Жуырда жарыққа шыққан iPhone 13 Pro смартфондарының нақты құны оның жарты бағасына тең. Бұл туралы TechInsights агенттігі өз есебінде мәлімдеді деп хабарлайды Elorda.info.

    Аталмыш компанияның мамандары телефонды ашып, ішіндегі бөліктеріне талдау жүргізген. Инженерлердің айтуынша, iPhone 13 Pro смартфоны LPDDR4X форматындағы 6 гигабайттық жедел жадқа ие. Сондай-ақ, Pro-нұсқаның қарапайым iPhone 13 смартфонынан тағы бір айырмашылығы, ол 5 ядролы графикалық процессормен жабдықталған. Арзанырақ девайстардың графикалық чипінде 4 ядро бар.

    Компания ұсынған мәліметке сенсек, жаңа смартфонның барлық компонентінің нақты құны 570 доллар тұрады. Қазіргі таңда бөлшек саудада 13 Pro құны 999 АҚШ долларынан басталады. Яғни, 13 Pro 2020 жылы шыққан iPhone 12 Pro смартфонымен салыстырғанда сәл қымбаттау. Сарапшылар мұның себебін корпус, экран, жад модульдері және қымбатырақ процессорды енгізумен байланыстырады.

    Apple өзінің девайстарын өндірерде өздерінің микросхемаларын қолданады. Ал қалған компоненттер Qualcomm, KIOXIA, NXP, STMicroelectronics, USI, Qorvo және Broadcom компанияларынан алынады.

    Еске салсақ, бұған дейін қарапайым айфонмен түсірілген 2020 жылдың ең үздік суреттері iPhone Photography Awards байқауында анықталғаны туралы жазған едік.

    iPhone Photography Awards байқауы — ұялы телефонға, нақтырақ айтқанда iPhone-ға түсірілген суреттердің арасында болатын әлемге танымал байқаулардың бірі.

    iPhone 13 смартфондарының нақты құны қанша

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.