jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Ұлттық экономика министрі қызметіне Әлібек Қуантыров тағайындалды

    Әлібек Қуантыров
    Фото: primeminister.kz

    Мемлекет басшысының жарлығымен Әлібек Сәкенұлы Қуантыров ұлттық экономика министрі қызметіне тағайындалды.

    Ресми құжаттың мәтіні Ақорда сайтында жарияланды.

    Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырау қаласында туған. Томск мемлекеттік университетін, Мичиган университетін бітірген.

    Еңбек жолын 2005 жылы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маманның м.а. болып бастады.

    2005-2010 жж. — экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

    2010-2013 жж. — қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары.

    2013 ж. — индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары.

    2013-2019 жж. — президент әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарды.

    2019-2021 жж. — тұңғыш президенті – Елбасы кеңсесінің ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.

    2021-2022 жж. — ұлттық экономика вице-министрі қызметтерін атқарған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.