jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда 2030 жылға қарай су тапшылығы артуы мүмкін

    Субұрқақ
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Қазақстанда 2030 жылға қарай су ресурстарының тапшылығы 23,2 текше километрге жетуі мүмкін. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстар комитетінің төраға орынбасары Досбол Бекмағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Басылымның жазуынша, бұл туралы Бекмағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтқан.

    "Өзен ағысының көпжылдық динамикасы жергілікті және трансшекаралық ағындардың кемуінен су ресурстарының азаюын көрсетеді. 2000 жылдары орташа көпжылдық өзен ағысы 120 текше километр болса, қазіргі уақытта ол шамамен 102 текше километрді құрайды. Бұл климаттың өзгеруіне және антропогендік факторларға байланысты", - деді ол.

    Оның айтуынша, 2030 жылға қарай өзен ағыны одан әрі 99,4 текше километрге дейін қысқаруы болжанып отыр.

    "Қазіргі кезеңде су ресурстарының тапшылығы 17 текше километрден асады, ол су экожүйелерінің қажеттіліктері есебінен мәжбүрлі түрде жабылады. Су ресурстарының азаюынан және халықтың, экономика мен экологияның қажеттіліктеріне суды көп пайдалануынан Қазақстанда 2030 жылға қарай су ресурстарының тапшылығы 23,2 текше километрге жетуі мүмкін", - деді комитет өкілі.

    Қазақстанда 2030 жылға қарай су тапшылығы артуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.