jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Найман қызы
    Әсел Найман қызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда азық-түлік бағасы бір айда тағы 1,8 пайызға өскен

    азық-түлік
    Азық-түлік базары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Елімізде қарашада айлық инфляция деңгейі қазан айымен салыстырғанда 0,2 пайыздық тармаққа төмендеп, 1,4% құрады. Десе де, өткен айда азық-түлік тауарлары тағы 1,8 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 1,6 пайызға, ал ақылы қызметтер 0,8 пайызға өскен, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәліметтерге сәйкес, қарашада Қазақстанда азық-түлік тауарларының ішінде қияр – 41,5%, қызанақ – 26,1%, жұмыртқа – 6,7%, пияз – 5,9%, күріш – 3,5%, қаймақ – 3,4% жаңа піскен жеміс – 3%, тұздалған майшабақ – 2,7%, айран – 2,5%, сүт – 2,4%, кондитерлік өнімдер – 1,6%, ірімшік және сүзбе 1,5% қымбаттаған. Ал сәбіз бағасы керісінше 2,9%, құмшекер 1,9%-ға арзандаған.

    Сол сияқты 2022 жылдың қазан айымен салыстырғанда қарашада азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 1,6%-ға өскен. Сонымен бірге өткен айда дизель отыны – 13,9%, тас көмір – 2,6%, ағаш отыны 1,6% қымбаттағаны белгілі болып отыр.

    Бұдан бөлек жуу және тазалау құралдарының бағасы 4,1%, жеке пайдаланылатын тауарлардікі – 2,8%, киім және аяқкиім, ыдыс, тоқыма бұйымдарының бағасы 1,6%-ға өскен.

    Ақылы қызметтердің бағасы да өткен айда 0,8%-ға өскен. Бағаның өсуі қоғамдық тамақтандыру қызметтерінде 2,7%, монша қызметтерінде – 1,9%, шаштараз бен сұлулық салондары қызметтерінде – 1,8%, денсаулық сақтау, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерде – 1,7%, қонақ үй қызметтерінде 1%-ды құрады.

    Осылайша инфляция көлемі 2022 жылдың қарашасында жылдық есептеуде 19,6% құраған.

    Қазақстанда азық-түлік бағасы бір айда тағы 1,8 пайызға өскен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.