jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Биыл елімізде кімнің жалақысы 20 пайызға өседі

    ақша санап отырған әйел
    Ақша санап отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20 пайзыға өседі, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми сайтында.

    Ведомствоның мәліметінше, биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын орташа есеппен 20 пайызға кезең-кезеңімен арттыру жалғасады.

    Нәтижесінде бухгалтер, экономист, заңгер, мұрағатшы, кітапханашы, мұражайтанушы, орманшы, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшінің жалақысы өспек.

    "Осылайша, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есеге ұлғаяды", - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері.

    Биыл елімізде кімнің жалақысы 20 пайызға өседі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.