jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Елімізде мүлде жұмыс істеп көрмеген әйелдер саны қанша

    Екі әйел ас үйде жүр
    Ас үйдегі әйелдер. Көрнекі фото: Рexels.com

    Қазақстанда қанша жұмыссыз әйел бар және оған не себеп? Аталған сауалға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    "Елімізде жұмыс күшінің 50 пайызы әйелдерге тиесілі. Жұмыссыз әйелдердің қатарында бала күтіміне байланысты үйде отырғандар кіреді. Сонымен қатар, ауыл әйелдері бар, оларды еңбекпен қамту қиындау. Жұмыссыз әйелдер санының артуы осы себептермен байланысты деп ойлаймын", – деді Тамара Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

    Басылымның хабарлауынша, министр "Күміс жас" жобасы аясында зейнет жасындағы әйелдер саны, олардың қаншасы еңбекпен қамтылғаны немесе жұмыссыз отырғаны анықталғанын да айтқан.

    "Елімізде 50 жастан асқан 964 мың әйел бар. Соның ішінде 325 мың әйел жұмыссыз, яғни ешқашан жұмыс істемеген, еңбек өтілі жоқ. Көбі сол – баламен үйде отырғандар", — деді Тамара Дүйсенова.

    Еске салайық, бұған дейін EnergyProm мониторинг агенттігінің сарапшылары елімізде жұмыссыз әйелдер санының артқанын хабарлаған болатын.

    Елімізде мүлде жұмыс істеп көрмеген әйелдер саны қанша

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.