jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Жетісу облысында жер учаскелерін бөлуге қатысты жергілікті атқарушы органдар қызметіне сыртқы талдау жүргізіледі

    Фото
    Фото: Жетісу облысының әкімдігі

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті биыл 17 қаңтардан 27 ақпанға дейін барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың қызметінде жер учаскелерін бизнеске бөлу, олардың қолжетімділігі, сондай-ақ оларға инфрақұрылым жүргізу және желілерге қосылу мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізеді.

    Биыл 17 қаңтарда жергілікті атқарушы органдардың басшылығымен жұмыс кездесуі өткізілді, оның барысында департамент пен облыс әкімдігі арасында сыртқы талдау жүргізу туралы бірлескен шешімге қол қойылды.

    Талдау шеңберінде жерге құқық беру жағдайларын зерделеу, сондай-ақ рәсімдердің ашықтығы мен олардың қолжетімділігіне баға беру, жасанды кедергілерді анықтау және жою қажет.

    Фото
    Фото: Жетісу облысының әкімдігі

    Егер сізде жер учаскелерін беру кезінде жергілікті атқарушы органдардың қызметіне қатысты нақты ақпаратыңыз, шағымдарыңыз және ұсыныстарыңыз болса, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 36/42 мекенжайында орналасқан Антикор орталығына жүгіне аласыз немесе upk_almobl@mail.ru жібере аласыз

    Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда әрбір азаматтың пікірі маңызды, сондықтан облыс тұрғындарын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік танытуға және өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.

    Барлық сұрақтар бойынша 8-7282-609-836, 8-705-871-87-87 нөмірлері бойынша хабарласуларыңызға болады.

    Жетісу облысында жер учаскелерін бөлуге қатысты жергілікті атқарушы органдар қызметіне сыртқы талдау жүргізіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.