jitsu gif
Қаржы

    Елімізде тұрғындарға көмір жеткізудің жаңа тетігі әзірленбек

    көмір тиеген көлік
    Көмір тиеген бульдозер. Көрнекі фото: pixabay.com

    Премьер-министр Әлихан Смайылов тау-кен металлургия компаниялары қызметінің өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz

    Кеңеске Қаржы, Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің, "Қазақстан темір жолы", "QazaqGaz" ұлттық компанияларының және ERG компаниясының басшылары қатысқан.

    Олар Қазақстан аумағындағы газ саласында Eurasian Resources Group-тың жаңа инвестициялық жобаларын іске қосу жоспарларын, сондай-ақ теміржол инфрақұрылымын дамыту жобаларын талқылаған. 

    Сондай-ақ ішкі нарықты, әсіресе шалғайдағы елдімекендерді көмірмен қамтамасыз ету мәселелері қаралған. 

    Кеңес барысында премьер-министр өңірлік операторлардың көмірді бөлу жөніндегі қызметін талдау және басы артық делдалдарды айналып өтіп, әлеуметтік объектілер мен халыққа тікелей өндіру орындарынан отын жеткізудің жаңа тетігін пысықтау қажеттігін атап өткен. 

    Бұдан бөлек отырыста қазақстандық және өзбек инвесторларының қатысуымен екі елдің теміржолдары арқылы жүк тасымалдауды жүзеге асыру үшін бірлескен кәсіпорын құру мәселелері талқыланған. 

    Елімізде тұрғындарға көмір жеткізудің жаңа тетігі әзірленбек

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.