jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы әуежайының жаңа терминалы қашан салынып бітетіні белгілі болды

    Алматы әуежайы
    Алматы әуежайы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалының құрылысы 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтау көзделіп отыр. Бұл туралы ИИДМ басшысы Марат Қарабаев пен "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ-ның президенті Алып Ер Тұнға Ерсойнның кездесуі кезінде мәлім болды, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті Telegram-арнасында.

    Ведомствоның мәліметінше, кездесуде Алып Ер Тұнға Ерсой Индустрия және Инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевқа Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалын салу жөніндегі ірі жобаның қалай іске асырылып жатқанын баяндаған.

    Әуежай басшысының айтуынша, жобаны іске асыру бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр және мемлекет басшысының бақылауында.

    Сондай-ақ кездесу кезінде жобаны 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтау жоспарланып отырғаны белгілі болды.

    Жаңа терминалдың құрылысы жолаушылар ағынын айтарлықтай арттыруға, ұшу географиясын кеңейтуге, мегаполис тұрғындары мен қонақтарын жоғары деңгейдегі жайлы жағдаймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

    Кездесу соңында министр әуежайдағы қызметтер мен сервисті жақсарту үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды және жолаушылардың шағымдарына дереу ден қоюды тапсырды.

    Өз кезегінде тараптар Алматы қаласының әуежайын одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерін салуға келісті.

    Алматы әуежайының жаңа терминалы қашан салынып бітетіні белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.