2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны қанша
Жарияланған күні:

Еліміздің Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқы санының өсімі туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 19 765 004 мың адам болған.
Оның ішінде қалалықтар – 12 208,2 мың адам болса, ауыл халқы – 7 556,7 мың адам.
Жалпы бір жылда халық саны 261 мың 845 адамға өскен.
Айта кетейік, бұған дейін "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ болжамдау департаментінің сарапшылары еліміздегі туу, өлім-жітім және көші-қон көрсеткіштерінің негізінде демографиялық болжам жасаған болатын.
Мамандардың болжамынша 2050 жылға қарай Қазақстан халқының саны 27 миллионнан асуы мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2007670-qazaqstan-xalqynyn-sany-byltyrgy-zylmen-salystyrganda-261-mynnan-asa-adamga-osken/
Жарияланымға реакцияңыз?
Соңғы пікірлер
Барлық пікір саны: 1
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.
Шетелге көшушілер әлі көп екен. Сондықтан, ҚХР -ның сыртқы істері мен Ішкі істерімен тығыз істестік орнатып көшіп келгісі келетін отбасыларына қытайдағы жерлік әкімшіліктер мен полицияның көшығон органдары жағынан кедергілерді болдырмау керек. Сонда Қытайдан жылына берісі 20-30 мыңдай адам көшіп келетініне сенімдімін.
Mural123456