Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2050 жылға қарай Қазақстан халқының саны 27 миллионнан асуы мүмкін

Опубликовано:

Көше маска1
Көрнекі фото: NUR.KZ

"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ болжамдау департаментінің сарапшылары туу, өлім-жітім және көші-қон көрсеткіштерінің негізінде демографиялық болжам жасады. Ақпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

Сарапшылардың болжауынша, Қазақстан халқының саны 2030 жылға қарай 20,8 миллионнан (теріс сценарийде) 21,5 миллионға дейін (оң сценарийде), ал 2050 жылға қарай 23,5 млн адамнан 27,7 миллионға дейін өсуі мүмкін.

"Бұл ретте, егер өлім мен туу көрсеткіштері 2021 жылғы деңгейде, ал сыртқы және өңіраралық көші-қон 2017-2021 жылдардағы орташа мәнде сақталса, Қазақстан халқының саны 2030 жылға қарай 20 млн 958 мың адамға, ал 2050 жылға қарай 27 млн 192 мың адамға жетеді", – деп атап өтті ЕРДО Болжамдау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.

Оның айтуынша, орталық мамандары таңдалған базалық жылға, туу көрсеткішіне, өлім-жітім мен көші-қонға байланысты әр аймақ үшін 27 негізгі сценарий дайындаған. Сонымен қатар халықтың санын осы негізгі көрсеткіштерден тыс модельдеуге, мәселен, туу көрсеткішін жоғарылатуға немесе өлім-жітім деңгейін белгілі бір пайызға төмендетуге мүмкіндік беретін механизм әзірленді.

Болжамдарға сәйкес, 2030 жылға қарай Орталық сценарий бойынша халық саны:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 420 мың адамға немесе 33 пайызға өсіп, 1,7 млн адамға дейін жетеді;
  • Алматыда – 414 мың адамға немесе 20 пайызға артып, 2 млн 466 мың адамға дейін жетеді;
  • Шымкент қаласында 369 мың адамға өседі немесе 32 пайызға жетіп, 1,5 млн адамға дейін өсім болады.

2050 жылға қарай ЕРДО сарапшыларының есептеуіне сәйкес, болжамның орталық нұсқасын алып қарайтын болсақ халық санының өсуі бойынша Шымкент көш бастайды. Онда халық саны 1 млн 679 мың адамға артып, 2,8 млн адамға жетеді немесе 2022 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артады.

Нұр-Султанда өсім 1 млн 634 мың адамды құрайды, ол 2,3 есе өсімге тең, яғни 2,9 млн адамның көрсеткішіне сәйкес келеді. Алматы қаласында тұрғындар саны 3,5 млн адамға дейін жетеді немесе халық саны 1,4 млн адамға өседі. Маңғыстау облысында халық саны 820 мың адамға өседі, нәтижесінде өңірдегі халық саны 1 млн 571 мың адамды құрайды.

"Біздің болжамымыз бен БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің жаңа демографиялық болжамы ұқсас және сценарийге байланысты халық санының 2030 жылға қарай 20,8 млн-нан 21,5 млн адамға дейін, ал 2050 жылға қарай 23,5 млн-нан 27,7 млн-ға дейін өсуін болжайды", – деп атап өтті департамент басшысы.

Жалпы, БҰҰ мамандарының сараптамасына сәйкес, осы жылдың қараша айында әлемдік халық саны 8 млрд адамнан асатынына қарамастан, соңғы уақытта өсімнің біртіндеп баяулауы байқалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981164-2050-zylga-qarai-qazaqstan-xalqynyn-sany-27-millionnan-asuy-mumkin/

pixel