jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда әскери саладағы оқытушылар мен медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі

    ақша санап отырған әйел
    Ақша санап отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қорғаныс вице-министрі Сұлтан Қамалетдинов сенат кулуарында Қазақстанда әскери саладағы кейбір қызметкерлердің жалақысы өсетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Сұлтан Қамалетдинов әскери қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесі – өзекті тақырып екенін атап өтті.

    "Бүгінде үкімет келесі бастамаларды қолдады: әуе күштері ұшқыштарының жалақысы өсті. Сонымен қатар биыл оқытушылық құрамның (әскери жоғары оқу орындары – ред.) айлығын азаматтық жоғары оқу орындарының деңгейіне дейін көтеру мәселесі шешілуде.

    Ал әскери қызметкерлердің келесі санаты – бұл әскери медицина қызметкерлері. Олардың жалақысын азаматтық сектордағы медицина қызметкерлерінің деңгейіне дейін көтеруді де үкімет қарастырып, қолдап отыр", – дейді Қорғаныс вице-министрі.

    Бұл ретте Сұлтан Қамалетдинов қызметкерлердің жалақасы қанша пайызға өсетінін нақтыламады. Оның сөзінше, жалақының мөлшері бұл әскери шенге, лауазымға, ұшу уақытына, сыныптылығына байланысты болады.

    "Бұл әр түрлі көрсеткішке байланысты. Өсім 30 пайыздан асады", – дейді ол.

    Қазақстанда әскери саладағы оқытушылар мен медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.