jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда бензин бағасы өсуі мүмкін

    Жанармай құю бекеті
    Жанармай бекеті. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Энергетика министрлігі жанар-жағармайдың шекті бөлшек бағасын көтеруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    "Ішкі нарықтағы жанармай жағдайын тұрақтандыру үшін Қазақстанның көрші елдермен салыстырғандағы баға айырмашылығын төмендету қажет. Бұл қиын, бірақ қажет шешімге баруымыз керек. Оны мойындауымыз керек. Бөлшек саудадағы жанармай бағасын көтеру қажет", – деді Ақшолақов ОКҚ өткен баспасөз мәслихатында.

    Атап айтқанда: АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин бағасы литріне 182-187 теңгеден 205 теңгеге дейін өседі, өсім 11 пайыз; дизель отыны бағасы литріне 230-260 теңгеден 295 теңгеге дейін көтеріледі, өсім 20 пайыз.

    Ведомство басшысы тиісті бұйрық жобасы бүгін жарияланатынын атап өтті. Осы орайда Ақшолақов жанармай бағасын көтеру не үшін қажет екенін түсіндірді.

    "Бағадағы айырмашылық мәселесін қазір қолға алмасақ, алдағы уақытта біз үлкен тапшылықтың куәгері боламыз. Бұдан басқа экономикалық маңызды саланы дамыту мүмкіндігінен айырыламыз, сондай-ақ бұл еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіне де әсер етеді", – деп түйіндеді сөзін ол.

    Қазақстанда бензин бағасы өсуі мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.