jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда 1 шілдеден бастап кей жұмысшылардың айлығы екі есеге өседі

    Ақша
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қазақстандағы жалақысы төмен салалардың бірі – балық өсіру саласы. Бүгінде осы салада жұмыс істейтін жұмысшылар жалақысын екі есеге арттыру жоспарлануда. Бұл кімдерге әсер ететінін Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

    Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, министрлікке қарасты Балық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы мемлекеттік балық өсіру кәсіпорындарының қатардағы қызметкерлері шамамен 90 мың теңге жалақы алады екен. Бұл Қазақстандағы ең төменгі жалақыға жақын.

    Осы ретте ведомство балық өсіру кәсіпорындарындағы жұмысшылардың қызметінің ерекшелігі мен ауыр физикалық еңбегін ескере отырып, қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесі шындыққа және олардың саланы дамытуға қосқан үлесіне сәйкес келмейтінін атап өтті.

    "Осыған байланысты, тұрақты еңбек ұжымын қалыптастыру және жас мамандарды тарту арқылы кадрлық әлеуетті нығайту үшін кәсіпорындардың салалық қызметкерлерінің жалақысын арттыру мәселесі пысықталды. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап жалақының 2 есе өсуі күтілуде", – делінген хабарламада.

    Қазақстанда 1 шілдеден бастап кей жұмысшылардың айлығы екі есеге өседі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.