"Жекенің қолына өтіп кеткен": үкімет Қазақстанның ірі мұнай-газ компаниясы төмен бағамен сатылғанын анықтады
Жарияланған күні:

Еліміздегі мұнай-газ саласындағы ірі компания бірнеше жыл бұрын төмендетілген бағамен жекеменшікке сатылып кеткен. Бұл туралы үкімет басшысының қатысуымен өткен отырыста белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.
Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында мұнай-газ саласындағы маңызды инфрақұрылымдық объектілерді жеке меншікке берудің заңдылығы мәселелері талқыланды.
Жиында мұнай-газ саласында жұмыс істейтін ірі компанияның осыдан бірнеше жыл бұрын жекеменшікке сатылғаны айтылды. Комиссия тапсырмасымен жүргізілген тексеру активтің төмендетілген бағамен жекенің қолына өтіп кеткенін анықтаған.

Премьер-министр құзырлы мемлекеттік органдарға осы мәселені Қазақстанның қолданыстағы заңнамасы аясында пысықтауды тапсырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2018100-ukimet-qazaqstannyn-iri-munai-gaz-kompaniyasy-arzan-bagamen-zekemensikke-satylyp-ketken/